- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетудің әлеуметтік картасы жасалды
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетудің әлеуметтік картасы жасалды
«Олар көтерген мәселелердің ішіндегі ең ауқымдысы ардагерлердің әлеуметтік карталары болды. Онда қарттардың әлеуметтік өмірінің барлық жағдайлары қамтылды. Тіпті ардагерлердің тұрғын үйілеріне жөндеу жүргізу қажет деген сияқты мәселелерге дейін енгізілген. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық емханалармен бірлесіп, барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері ерекше есепке алынып, қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында», -деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы.
Бұған қоса ардагерлерге қажетті кезде дабыл қағуға мүмкіндік беретін арнайы белгілері бар құрылғылар таратылды. Осылардың арасында наурыз бен сәуір айларына белгіленген ең ірі шаралар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облыстық Аграрлы-техникалық университетінің базасында өтетін Украина және Беларусь майдандарының ардагерлерімен болатын кездесуді атау керек.
Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталатын ҰОС ардагерлері оларға теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлерінің тізімдері жасақталды.
Хабарламадан мәлім болғанындай, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша мәжіліске қатысушылар көптеген ұсыныстар айтып, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ олар күн тәртібіне қойылған мәселенің жекелеген бағыттары бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта елімізде болғалы отырған үлкен саяси науқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты да біраз жайттарды ортаға салды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады