Қазақстанда 2015 жылы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% құрады

11 Наурыз, 2015 10:32
Болжамалы бағалау бойынша ЖІӨ өсу қарқыны 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 102,5% құрды.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 101,9% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,4% артты, оның ішінде өндіру өнеркәсібінде өсім 0,9%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,3%. Ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі 2,4%, құрылыста -1,5%, саудада 3,2%, көлікте - 6,9%, байланыста - 9% құрды.

2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 355808 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 346891 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 199104-ны құрады, оның ішінде 190 636 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,4%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 2,1% өсті, азық-түлік емес тауарларға – 0,6% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 17,8% төмендеді.

2015 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 119 280 теңгені құрады.

 

Барлық жаңалықтар