• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықов барлық талаптарға сәйкес келеді – ҚР ОСК

ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықов барлық талаптарға сәйкес келеді – ҚР ОСК

10 Наурыз, 2015 19:44
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өзінің кандидатурасын қолдап қолдар жинауы үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлады ҚР ОСК.

"Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ержан Мерекеұлы Серғазиннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Аталған үміткерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ержан Мерекеұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 10 наурыздағы № 10 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп белгіледі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар