- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ауылшаруашылық саласына 1,5 трлн. теңге бөлген – Н.Назарбаев
Қазақстан ауылшаруашылық саласына 1,5 трлн. теңге бөлген – Н.Назарбаев
Мемлекет басшысы аграршылармен әңгімелесу барысында қалыптасқан дәстүр бойынша жиын-терін науқанына дайындық барысымен танысып шығу үшін Қостанай облысына келгенін атап өтті.
– Қостанай облысы астығымыздың 30 пайызын, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 10 пайызын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, мұнда қуатты өнеркәсіп базасы, бокситті қоса алғанда, пайдалы қазбаларға бай кен орындары бар, автомобиль жасау саласы дамып келеді. Биыл біз 16 млн. тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Егер Қостанай облысында 4,5 млн. тонна жиналатын болса, бұл жақсы көрсеткіш болмақ. Енді жиын-терін науқанын өткізуге бар күшті салу керек. Мемлекет бұған барлық жағынан көмектесетін болады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық саланың стратегиялық мәні зор болғандықтан мемлекет қолдау көрсетіп келе жатқанына тоқталды.
– Жер шары тұрғындарының өсу қарқынын ескерсек, таяу уақытта азық-түлікке сұраныс та артатын болады. Осы орайда ауыл шаруашылығының рөлі артады. Осыған дайын болу керек. Бүгінгі әлемдік тәжірибе шикізат қолда бар кезде ішкі және сыртқы нарықтарға дайын өнімдерді жеткізу үшін оны толық қайта өңдеу қажеттігін көрсетіп отыр Сіздердің бәріңіз агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және қаржылық көмек көрсету, тәуекелдерді сақтандыру, ауыл шаруашылық техникалары лизингісі, сондай-ақ салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасымен таныссыздар. Мұның бәріне 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Бұл өте көп шығын. Осы жылдар ішінде біз ауыл шаруашылығына 1,5 трлн. теңге бөлгенімізді де атап өту керек, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын әртараптандырудың және мал шаруашылығы саласын дамыту аясында мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуының маңыздылығына тағы да назар аударды.
– Тек бір ғана дара дақылды шаруашылықпен, яғни астық егумен айналысуға болмайтынын түсінген жөн. Біз дәнді дақылдың зор экспорттық әлеуеті бар екенін, бірақ сонымен қатар, ауыл шаруашылығының өзге түрлерінің де тиімділігі болатынын түсінеміз Сондықтан соңғы жылдары әлемнің басқа мемлекеттері сияқты біз мал шаруашылығын дамытуға аса маңыз береміз. Соған сәйкес, жемшөп өндірісін дамыту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса, кездесу барысында Мемлекет басшысы өңірдегі индустриялық бағдарламалар аясында құрылған нысандардың толық жұмыс істеуі қажеттігін атап көрсетті.
– Мысалы, іске қосылған 14 нысан жұмыс істемейді, тиісті қуатының 50 пайыз мөлшерінде ғана жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар. Біз мемлекет қаражатын не үшін жұмсадық? Бұл осындай мәселелелерге жеткіліксіз көңіл аударылатынын білдіреді. Толық жұмыс істемей тұрған өнеркәсіп нысандары сондай-ақ өңірлік бюджетке түсетін салық түсімін азайтады. Сонымен қатар, индустриялық бағдарлама іске асырылған үш жарым жылда облыстың 4 ауданы оған қатыстырылмаған және соған сәйкес индустриялық жобалар енгізілмеген, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағының құрылуы Қостанайды қосқанда, шекара маңындағы облыстарды ынталандырып, тауарлар экспортын ұлғайтуға тиістігін атап өтті.
Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.
Өз кезегінде облыстың аграрлық кәсіпорындарының өкілдері Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы мәселесіне ұдайы көңіл бөлетіні үшін алғыс айтып, саланы дамыту жөнінде шаралардың уақтылы қабылданып жатқанын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді