Сербияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылады – ҚР СІМ

10 Наурыз, 2015 20:23
Сербия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Н. Рүстемов Белград қаласында Президент Томислав Николичпен кездесті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұдан басқа, СІМ хабарлауынша, Елші Премьер-министрдің бірінші орынбасары – сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ төрағасы Ивица Дачичпен, Премьер-министрдің орынбасары – сауда, туризм және телекоммуникация министрі Расим Ляичпен, юстиция министрі Никола Силаковичпен, Сербия парламентінің депутаттары, олардың ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы мемлекеттің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында екі-жақты қарым-қатынастар және әр түрлі бағыттардағы және деңгейдегі жемісті диалогты, оның ішінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Серб тарапына 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кенесінің уақытша мүшесі ретінде ҚР кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріліп, Сербияның EXPO-2017 қатысуы келісілді.

Аталып өткендей, министр Р. Ляич 2015 жылы мамырда 8-ші Астана экономикалық форумына қатысқысы келетінің білдірді.

Елшілік Сербия мемлекеттік орындарымен Қазақстанның Еуропа Кенесінің Еуропалық конвенцияларға қосылуын және қылмыстық сот жұмысын жүргізу саласындағы екі жақты келісімдерге қол қоюына қолдау көрсету туралы келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар, айта кетерлік жайт, Сербия сыртқы істер министрлігімен Белград қаласында ҚР Құрметті консулдығы және дипломатиялық өкілдігі ашылулары келісілді.

Барлық жаңалықтар