• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында БҰҰ жоба менеджерлері тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасын талқылады

Қызылорда облысында БҰҰ жоба менеджерлері тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасын талқылады

11 Наурыз, 2015 10:01
Қызылорда облысының Қазалы ауданында БҰҰ-ның жоба менеджерлері болды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

Аталып өткендей, олар «Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғау қызметтерін атқаруда инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту» бағдарламасын талқыға салынды.

«Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын көтеру және Қызылорда облысындағы аудандардың дамуына қол жеткізу мақсатын көздейді. Жоба менеджерлері бағдарламаның үкімет бюджетін үнемдеуге бағытталғандығын айтады. Жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған бұл дамыту процесі биылғы жылы облыс бойынша Арал, Сырдария, Қазалы аудандарында жүзеге асырылмақ», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы менеджері өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоба менеджерінің айтуынша, бағдарлама аясында Семей өңіріндегі бірнеше аудан мен ауылдық округтердегі саябақтар жөнделіп, бірнеше спорт кешендері пайдалануға берілген.

Барлық жаңалықтар