- Басты
- Жаңалықтар
- Петропавлда қайта жөндеуден кейін орталық базар ашылды – әкімдік
Петропавлда қайта жөндеуден кейін орталық базар ашылды – әкімдік
Жергілікті әкімдік өкілдерінің мәліметтерінше, 600-ге жуық шағын дүкендер (бутик) орналасқан екіқабатты ғимаратта сауда жасау үшін қажетті жағдайлардың барлығы бар. «Осылайша 8 айға созылған жөндеу жұмыстарынан соң «Алтын арман» базары сауда жасаушыларымен қайта қауышты. Қазіргі заманға сай етіп жөнделген екіқабатты сауда орталығының көлемі 6 мың шаршы метрге ұлғайды,- делінген хабарламада.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 6-шы тамызы күні онда келушілер мен жұмыс істеуге қажетті жағдайлар жасалмаған ашық базарларды ретке келтіру жөнінде тапсырма берді. Біз бүгін осы тапсырмаға сай алғашқылардың бірі болып, орталық базарды жауып, орнына заманға сай сауда орталығын тұрғыздық. Облыс орталығында да арнайы жоспар негізінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Біз тағы 10 базарды қайта жөндеуден өткізбекпіз. Біз жергілікті халықты сауда-саттық шарларымен қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз деген ойдамын»,-деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов.
Аймақ басшысы сауда орталығын жалға алушы азаматтар үшін жасалған жағдайлармен танысып шықты. Мұнда еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген 600 шағын дүкендер қойылған. Ол үшін инвестор 1 миллиард теңге шығындаған.
«Жоғарғы қабатта әлі балаларға арналған орындар болады. Балалар онда ойнайды, ал ата-аналар болса сауда-саттықтарын жасай береді. Біз базардағы орынның құнын 10 жылдан бері көтермей көптеген кәсіпкерлердің өсуіне жол аштық. Бұл жергілікті кәсіпкер азаматтар үшін жасалған зор мүмкіндік деп білемін»,-деді инвестор Юрий Захаров.
Облыс орталығының көптеген кәсіпкерлері мұнда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Олар жаңғыртылған базар мұндағы сауданың өршуіне серпін беріп, сатып алушылар санын арттырады деп есептейді.
Жуырда сонымен қатар, бұл жерде тағы 70 көлікке арналған тұрақ ашылмақ.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды