• Басты
  • Жаңалықтар
  • Римде итальяндық кәсіпкерлерге арналған Қазақстанның зор мүмкіндіктері туралы анықтамалық таныстырылды

Римде итальяндық кәсіпкерлерге арналған Қазақстанның зор мүмкіндіктері туралы анықтамалық таныстырылды

11 Наурыз, 2015 08:36
Қазақстанның Италиядағы Елшілігі Римде ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтымен бірлесіп, «Қазақстанның зор мүмкіндіктері. Итальяндық кәсіпкерлерге арналған анықтамалық» басылымының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

ҚР СІМ хабарлағандай, Басылым ISAG институтының сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері Қазақстанның Италиядағы Елшілігімен, қазақстандық Әлемдік экономика және саясат институтымен, Италияның Экономикалық даму министрлігімен, «Grata» заң компаниясымен, сондай-ақ Италияның сыртқы сауда жөніндегі ұлттық институтымен бірлесе отырып әзірлеген.

«Басылымда Қазақстан және Италия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мақалалар мен талдау материалдары, Қазақстанда бизнес жүргізу шарттары, соның ішінде заңды және кедендік мәселелер, елде жұмыс істейтін арнайы экономикалық аймақтар туралы тәжірибелік ақпарат қамтылған», - делінген хабарламада.

Іс-шараға Италияның мүдделі ұйымдардың, ірі итальяндық компаниялар мен бизнес-қауымдастықтар өкілдері, сарапшылар мен талдаушылар және Италияның БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов дөңгелек үстел қатысушыларын Қазақстан экономикасының ағымдағыжағдайыжәнеболашақта даму мүмкіндіктерімен, ұлттық инновациялық әлеуетпен, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін жасалынған преференциялармен таныстырды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында Италья тарапының өкілдері жинақта берілген ақпарат қазақстандық әріптестерімен бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлаған итальяндық кәсіпкерлер үшін құнды болып табылатынын бірнеше рет атап өтті. Италия бизнесмендері Қазақстанда бизнес жүргізу талаптарын, экономикалық преференциялар және ынталандыру жинақтарын қызығушылықпен қабылдап, Еуразиялық экономикалық одағының қалыптасу барысында қазақстандық нарықтың артықшылықтарын атап өтті.

Барлық жаңалықтар