- Басты
- Жаңалықтар
- Голландиялық компаниялар «ЭКСПО – 2017» көрмесінде өздерінің ең үздік технологияларын ұсынатын болады
Голландиялық компаниялар «ЭКСПО – 2017» көрмесінде өздерінің ең үздік технологияларын ұсынатын болады

«Shell», «Philips», «DSM» сияқты голландиялық компаниялардың және өзге де өкілдердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында Р.Жошыбаев сөз сөйлеп, голандиялықтарды «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шараларымен және оған қатысу жолдарымен таныстырды, деп хабарланды еліміздің Сыртқы істер ведомствосынан.
Р.Жошыбаев Нидерланды өкілдерінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы маңызды деп есептейді. Себебі бұл ел Қазақстанның экономикасына қомақты қаржы салып отыр әрі ол жаңғыртылатын энергия көздері саласында жоғары технологиялы құрылғыларды жасау мен дайындау жағынан әлемдегі көшбасшылардың бірі.
Нидерландының іскерлік топ өкілдері «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға және өздерінің ең үздік деген технологияларын көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
«Сапар барысында «ЭКСПО-2017» көрмесінің комиссары Нидерланды Сыртқы істер министрінің орынбасары Саймон Смитспен келіссөздер жүргізді. Онда тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының әсіресе «жасыл экономика» мен жаңа технологиялар саласында өте жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Р.Жошыбаев әріптесін көрмеге дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды және оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттеге жолдаған шақыру-хатын табыс етті», -делінген баспасөз мәліметтерінде.
Өз кезегінде С.Смитс «ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» көрмесінің нидерландылықтардың ерекше қызығушылығын тудыратынын, сол себепті голландиялық компаниялардың жобаларының 2017 жылы Қазақстанда тұсауын кесуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Р.Жошыбаев сонымен қатар «Shell» компаниясының басшыларымен де келіссөздер жүргізді. Кездесу соңында аталмыш компания Қазақстанда өтетін көрмеге қатысатын болып келісілді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек

