- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлыбритания мен АҚШ әскерилері «Дала қыраны-2015» оқу-жаттығуы барысында Қазбриг пен Қазбат штабтарын оқытады
Ұлыбритания мен АҚШ әскерилері «Дала қыраны-2015» оқу-жаттығуы барысында Қазбриг пен Қазбат штабтарын оқытады
Бірінші кезең барысында рота деңгейіндегі операциялар және шешім қабылдау әскери процесі пысықталады. Аталмыш оқу-жаттығу «Іле» оқыту орталығы базасында, атап айтқанда тактикалық операциялар орталығында, алдыңғы шептегі операциялар базасында, қалалық жағдайлар мен ауылдық елді-мекендерге арналған оқыту орындарында өтеді.
«Бұл «Дала қыраны-2015» оқу-жаттығуы екі кезеңде өтеді. І кезең барысында Ұлыбритания Қарулы Күштерінің өкілдері жаяу әскер ротасы деңгейінде тактикалық жаттығулар өткізеді. Ал АҚШ Қарулы Күштері бригада мен батальон штабтарын мамандандыру және оқу-жаттығудың ІІ кезеңіне даярлау бойынша іс-шаралар жүргізеді», - делінген хабарламада.
Британдық нұсқаушылар тобы І кезең барысында Қазбатты ауылдық және қалалық елді-мекенді, қоғамдық тәртіпті күзету, жиналған қалың топ пен тәртіпсіздікті қадағалау, база қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдауылдау операциялары және т.б. роталық міндеттерге үйретеді.
50-ші АРЦЕНТ нұсқаушыларының әскери тобы (Аризона Ұлттық Ұланы) Қазбат штабының әскери қызметшілерін шешім қабылдау әскери процесіне, ротаны басқару және тактикалық байланыс пункттерін жетілдіру, жарылғыш заттармен жұмыс істеу, зардап шеккендерді әуе және жер үсті жолдарымен эвакуациялауға үйретеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Дала қыраны» оқу-жаттығуы «Қазбригтың» бейбітшілікті қолдау операциялары барысында жедел үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталғанын айта кеткен жөн. Оқу-жаттығу бітімгерлік бригадасының көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылық жетекшілігімен міндеттерді орындауға икем-қабілеттілігін шынайы тексереді. Аталмыш оқу-жаттығу 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын оқу-жаттығуға 1 500-ден астам адам жұмылдырылып, шетел мемлекеттерінің әскери бақылаушылары, НАТО түрлі штабтарының сарапшылары, Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері шақырылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері