ҚР ОСК қол қою қағаздарын беру мерзімін қысқартты

10 Наурыз, 2015 16:41
Биылғы жылдың 27-ші ақпанында Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақшаларының беру мерзімін және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап дауыс беру қолдарының растығын тексеру мерзімін қысқарту жөнінде шешім қабылдады.

ОСК-ның мәліметтерінше, ОСК қол қою парақшаларын Президенттікке кандидаттың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күннің ішінде береді. Бұған дейін бұл процедураларға 5 күн берілетін.  

Аталмыш шешім «2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақшаларын беру мен Президенттікке кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру мерзімін қысқарту туралы» қаулысына сәйкес қабылданды. 

Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдап қойылған қолдарды тексеру мерзімі 10-нан 5 күнге дейін қысқартылды. Мұндай шараларды Орталық сайлау комиссиясының өкілдері әдейі кандидаттар үшін қабылдап отыр және ол кандидаттарға берілетін уақыт ресурсын айтарлықтай кеңейтеді.

  

 

 

Барлық жаңалықтар