2014 жылы көп балалы аналар мен отбасыларға 55,2 млрд теңге төленді

10 Наурыз, 2015 17:39
Төрт және одан көп балалары бар көп балалы аналар мен отбасыларға жәрдемақы төлеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 55,2 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Атап айтқанда, мемлекеттік марапатқа ие болған көп балалы аналарға төленген жәрдемақы мөлшері 2014 жылы 11 853 теңгені құрады. Мемлекеттік қолдаудың мұндай түрін ай сайын 245,8 мың әйел алып отырды», - делінген хабарламада.   

Кәмелеттік жасқа жетпеген, бірге тұратын төрт және одан көп балалары бар көп балалы отбасыларға 2014 жылы төленген ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 7 705 теңгені құрады. Мемлекет тарапынан мұндай қолдау 220,1 мың отбасыға көрсетілді.  

Барлық жаңалықтар