- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы талқыланды
Үкіметте «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы талқыланды
Нақтырақ айтқанда, Үкімет мүшелері 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының жетілдірілген жобасын талқылады.
«Мемлекеттік бағдарламаның жобасы инфрақұрылымдық даму және дағдарысқа қарсы шаралар сияқты негізгі екі бағыттан тұрады», -деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Бұл шаралар кешені отандық машинақұрылысын қолдау мен агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы жобаларды инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету, ішкі нарықты техникалық реттеу арқылы қорғау сияқты шараларды қолдауға бағытталған.
Бұған қоса, отырыста автомагистральдар құрылысы мен әуе арқылы электр қуатын тарату жүйелерін құру сияқты жобаларды жүзеге асыру мен отандық тауар өндірушілерді қолдаудың кешенді шаралары талқыланды.
Мәжілісте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те баяндама жасап, жиналғандарды көктемгі далалық егіс жұмыстарына дайындық мәселелерінен хабар етті.
Оның мәліметтерінше, биыл еліміз бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 миллион гектар аумаққа егілетін болады. Ал көктемгі егіс көлемі 18,5 миллион гектарды құрайды. «Көктемгі далалық егіс жұмыстары белгіленген жоспар бойынша жүргізіліп келеді», -деді А.Мамытбеков.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды