- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас Ұлан» мектебінің барабаншылары ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған парадты ашады
«Жас Ұлан» мектебінің барабаншылары ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған парадты ашады
80 жасұландық (9-10 сынып оқушылары) ту ұстау топтарының соңын ала, парадтың тарихи және заманауи бөлімдерінің алдында сап түзеп өтетін болады. Осы жас жеткіншектерге Қазақстан Қарулы Күштері барлық әскер түрлері мен тектерінің үздік әскери қызметшілерінен, еліміз жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттарынан құралған жаяу парадтық есептоптар, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің барлық қару-жарағы, әскери және авиациялық техникасы ілеседі.
«Дәстүр бойынша әскери парадты ұландар ашады. Барабаншылар ротасы қазақстандық армияның жас буынын бейнелеп, парадтың қарқыны мен ырғағын қалыптастырады. Әр ұландық үшін парадқа қатысу – абыройлы іс, Ұлы Отан соғысындағы ұрыс даласында ел болашағы үшін ерлікпен шайқасқан даңқты бабаларына деген алғысы мен құрметін көрсету» - деді Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы Мұхтар Майкеев.
Бұл парад «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері және басқа да қатысушылар үшін реттік саны бойынша бесінші және ең ірі әскери парад болмақшы. Сондықтан айбынды офицерлермен парад маршын бірге жасау мүмкіндігі тек оқу үздіктері мен озаттарына беріледі. Ал қалғандары үшін бұл өзінің білім деңгейін, саптық тәртіп пен даярлықты көтеруге ынталандырады. Балалар қазір белсенді жаттығу үстінде.
Қазіргі уақытта олар жеке саптық даярлық курсын аяқтап, бірыңғай сап құрамындағы жаттығуларға кірісіп кетті. Алдағы парад – қазақстандық армияның ең ірі шеруі. Ол барлық жағынан өткен парадтардан оқ бойы озық болатыны және мерейтой күніне толық лайық болатыны сөзсіз.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті