- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасының алғашқы қатысушылары 2015 жылдың 20 наурызында жаңа пәтерлердің кілттерін алады
«Нұрлы жол» бағдарламасының алғашқы қатысушылары 2015 жылдың 20 наурызында жаңа пәтерлердің кілттерін алады
«Наурыз мейрамы қарсаңында 20 наурызға қарай «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасының алғашқы қатысушыларына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырады», - деп атап өтті Қ. Бішімбаев.
Аталып өткендей, холдингтің еншілес құрылымы және бағдарлама операторы Қазақстандық ипотекалық компаниясы әкімдіктермен бірлесіп үйлерді кезекте тұрғандар арасында үйлестіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен, наурыз айында 1357 пәтер ұсынылып отыр, олардың ішінде 516-на әкімдіктер жолдама берсе, 210-ын ҚИК мақұлдады.
«Өз кезегінде қалған үміткерлермен жұмыстар жалғасуда. Аталмыш сандар әр үш сағат сайын жаңаруда. Ал, ҚИК өтініштерді 2-3 күн ішінде жылдам қарастыруда», - деп мәлімдеді холдинг басшысы.
Айта кетерлік жайт, әлеуметтік жалға берілетін баспаналарды бөлу барысында кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкрелер, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне басымдылық беріледі.
Осы ретте, берілетін баспананың 50%-ы кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған жас отбасыларға беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қарауды тапсырды. Сонымен қатар, 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңгеге ұлғайтты.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда