• Басты
  • Жаңалықтар
  • Таразда «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ұлттық киім тігетін этномәдени орталық ашылады

Таразда «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ұлттық киім тігетін этномәдени орталық ашылады

6 Қазан, 2013 11:11
Таразада этномәдени орталық ашылады, бұл жерде ұлттық киімді тігіп көрнекілейді, деп Жамбыл облысы әкімдігі индустриялық-инновациялық және өнеркәсіптік даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Захира Мырзахметованың жеке кәсіпкерлік жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапты. Жобаның жүзеге асырылуына комбанк 10 млн теңге несие берді.

«Этномәдени орталыққа ұлттық киім, қыз ұзату рәсімінің заттары қойылады. Бұл жерде ерекше киім тігу үлгісі мен ұлттық нақыш бойынша тігілген көрпешелерді көруге болады», - деді Мырзахметова.

Жеке кәсіпкер және оның жолдасы Өмірзақ Ділдәбеков 2003 жылдан бастап ұлттық киім тігу ісімен айналысып келеді. Олар жастық, көрпе, перделердің нұсқаларын ұсынады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар