• Басты
  • Жаңалықтар
  • Израильдік кәсіпкерлерге Қазақстанда бизнеспен айналысудың жолдары туралы айтылды

Израильдік кәсіпкерлерге Қазақстанда бизнеспен айналысудың жолдары туралы айтылды

10 Наурыз, 2015 12:06
Тель-Авивте Қазақстанның Израильдегі елшілігі Израильдің Экспорт және халықаралық қатынастар институты, «Қазақстан Израиль» сауда-өнеркәсіп палатасын және Израиль өндірушілер қауымдастығымен бірлескен түрде іскерлік қатынастарды жетілдірудің болашағы, Қазақстанда бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілеріне байланысты бизнес семинар өтті.

Тель-Авивте Қазақстанның Израильдегі елшілігі Израильдің Экспорт және халықаралық қатынастар институты, «Қазақстан Израиль» сауда-өнеркәсіп палатасы және Израиль өндірушілер қауымдастығымен бірлескен түрде іскерлік қатынастарды жетілдірудің болашағы, Қазақстанда бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілеріне байланысты бизнес семинар өткізді.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш шараға мемлекеттік органдар, жетекші экономикалық ұйымдар мен 70-тен астам израильдік компаниялар қатысты. Семинарды ашқан Қазақстанның елшісі Дулат Қуанышев екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастардың, нақтырақ айтқанда ауыл шаруашылығы, медицина, фармацевтика, су ресурстары, жоғары технологиялар, оның ішінде нанотехнология, телекоммуникация салалаларының әлеуеті зор екендігін жеткізіп, халықаралық жобалар мен тендерлер туралы айтып берді.

Ал, Астанада халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне орай екі елдің баламалы энергия көздері мен «таза» технологиялар саласындағы қарым-қатынастарды жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер туғалы отыр.   

Сыртқы істер ведомствосы өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш шараның басты ерекшелігі – Қазақстанда бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері болды.  «Pearl Cohen» заңгерлік компаниясы сарапшыларының баяндамалары осы мәселеге байланысты болды. Израильдік кәсіпкерлер Қазақстанда бизнесті жүргізудің жолдарынан хабардар етіліп, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудың қыр-сыры жөнінде мол мағлұматтар алды. Сонымен қатар олар тендерге қатысу жұмыстары туралы да құлақтандырылды.

Бұған қоса Израиль тарапымен нақты бағыттар мен жобалар бойынша ынтымақтастықты арттырудың болашағына қатысты жан-жақты пікір алмасылды. Семинар барысында аталғандармен қоса, ауыл шаруашылығы, биоотын өндіру, баламалы энергия көздері, энергетика, медицина сияқты нақты салалар бойынша кең ауқымды әңгіме өрбіп, елімізде өтетін  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу жолдары пысықталды.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар