• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тарихында тұңғыш рет ҚР ҚК құрлық әскерлері әскери институтының курсанты жоғарғы спорт дәрежесін орындады (Фото)

ҚР Тарихында тұңғыш рет ҚР ҚК құрлық әскерлері әскери институтының курсанты жоғарғы спорт дәрежесін орындады (Фото)

10 Наурыз, 2015 20:43
Щучинск қаласында әскери оқу орындарының курсанттары арасында әскери қолданбалы спорт түрі бойынша ІІІ Спартакиаданыңқыстық кезеңі бағдарамасындағы 2015 жылғы ҚР Қарулы Күштерінің жеке командалық чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш чемпионат 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70-жылдықмерекесіне арналды. Спорт жарысы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы оқу-жаттығу орталығының базасында өтті. Тұңғыш рет Қазақстан тарихында ҚР ҚК ІІІ Спартакиадасы бағдарламасында Президенттік көп сайыстан  әскери оқуорындары  курсанттары арасындағы әскери қолданбалы спорт түрінен ҚР ҚК ҚӘ әскери институтының курсанты Вадим Федосеев жоғарғы спорт дәрежесін орындап, ҚР спорт шебері атанды.

 Президенттік көпсайыс бойынша Құрлық әскерлерінің әскери институты1-орынды  жеңіп алды, 2-орындыҰлттық ұлан әскери институты, 3-орынды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты иеленді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша кір көтеру бойынша қоссайыста 1-орынға Ұлттық ұлан әскери институты, 2-орынға Құрлық әскерлерінің әскери институты, 3-орынға Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ие болды.

Армиялық спорт түрі бойынша 1-орынды Ұлттық ұлан әскери институты, 2-орынды Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, 3-орынды Құрлық әскерлерінің әскери институты иеленді. Шаңғы спорт түрі бойынша (патрульдер жарысы) 1-орынды Ұлттық ұлан әскери институты жеңіп алды, 2-орынды Құрлық әскерлерінің әскери институты, 3-орынды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты иеленді.

Төрт чемпионатқа Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысыкүштері, Радиоэлектроника және байланыс, ҚР Ұлттық ұланыәскери институттары, ТЖК Техникалық институты, Кадет корпусыныңкурсанттары және азаматтық оқу орындарыәскери кафедраларының студенттері қатысқанын атап өткен жөн. Барлығы чемпион атақтары үшін 135 спортшы-курсанттан тұратын 8 команда тартысқа түсті.

 

Барлық жаңалықтар