- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2015 жылдың басындағы жағдай бойынша әйелдер еркектерге қарағанда 10 пайызға көп
ШҚО-да 2015 жылдың басындағы жағдай бойынша әйелдер еркектерге қарағанда 10 пайызға көп
ШҚО статистика департаменті хабарлағандай, ұлдардан қарағанда қыздар дүниеге аз келіп, 0-4 жас шамасындағы ұлдар (2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) қыздардан көп, 1000 қызға 1053 ұлдан келеді. Олардың санындағы айырмашылық 31-35 жас аралығында байқалады. Осы жастан бастап келесі жас шамаларына қарай әйелдер саны басым бола бастайды: 1000 еркекке 1003 әйелден келеді. Айтар болсақ, 36-40 жастағы 1000 еркекке 1054 әйелден, 41-45 жастағыларға 1095 әйелден келеді, ал 70 жастағы әйелдер саны еркектерден 68%-ға көп. Шығыс Қазақстанда әйелдердің күтіленін өмір ұзақтығы ерлерге қарағанда 10,7 жылға жоғары болып 75 жасты құрады.
Білім алу деңгейлерінде де гендерлік айырмашылықтар орын алған. 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша әйелдердің білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары. Нәзік жанды өкілдердің әрбір сегізіншісі - жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді, әрбір төртіншісі - арнаулы орта білімді. Еркектердің әрбір тоғызыншысының - жоғары және әрбір бесіншісінің арнаулы орта білімдері бар.
Бүгінгі күні докторанттардың жалпы санындағы әйелдер үлесі 61%, магистранттар – 70%, ЖОО студенттері – 61%, колледж оқушылары 49%-ды құрайды.
Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігі төмен, өздерінің кәсіби, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру әйелдер үшін анағұрлым қиынырақ. 2014 жылғы төртінші тоқсанда жүргізілген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу деректері бойынша жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер 364 мың адамды немесе облыстың экономикалық белсенді халқының барлық санының 49%-ын құрады. Әйелдердің экономикалық белсенділік деңгейі 61,8%, еркектерде 73,7%.
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында әйелдер 345,8 мың адамды немесе 49%-ды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының білім беру саласында (79 %), тұру және тамақтану бойынша қызметтер (75%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету 69%-ы сияқты экономикалық қызмет түрлерінде әйелдер саны басымдыққа ие. Көлік пен қоймалауда, өнеркәсіпте, құрылыста олардың саны анағұрлым аз барлық жұмыспен қамтылғандардың 21-37%-ы.
Еңбек нарығында еркектерге қарағанда әйелдердің жұмыспен қамтылуы қиынырақ. 2014 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санының жартысын әйелдер құрады, олардың 60%-ы қалалық жерлердің тұрғындары. Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі - 5,0%, еркектерде - 4,9% (облыс бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық деңгейі – 4,9%). Жұмыссыз әйелдердің ең көп саны 29-44 жас шамасына (42%) келеді.
Облыстың экономикалық тұрғыдан енжар халқының негізгі бөлігі – 225,3 мың адам (63%) әйелдердің үлесінде. 2014 жылғы төртінші тоқсанда әйелдердің экономикалық енжарлық деңгейі 38,2%, еркектерде 26,3% шамасында қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан енжар әйелдердің жартысынан астамын зейнеткерлер құрайды; күндізгі бөлім оқушылары мен студенттерінің үлесі – 28%.
Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі олардың декреттік демалысқа шығуымен, сәбилерінің ауыруына байланысты жұмыс орындарында болмауымен түсіндіріледі. Негізгі жұмысынан басқа, әйелдердің иығындағы жүкке үйдің ошағын ұстау мен жайлы жағдай жасау сияқты күнделікті қамқорлық та қосылады. 2014 жылғы алдын ала деректер бойынша облыста 12300 неке жұбы құрылса, оның 5 мыңы ажырасты. Некелік-отбасылық қатынастар туу деңгейіне тікелей әсер етеді. Өткен жыл ішінде 23900 сәбидің дүниеге келгені тіркелді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 3,2 пайызға көп. Туғандардың 48 пайызы қыздар. 2004 жылдан бері облыста халықтың табиғи өсімі байқалады. Алдын-ала деректер бойынша 2014 жылы бұл көрсеткіш 9 мыңнан астам адамды құрады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы