Алматыда Франция күндері өтуде

10 Наурыз, 2015 15:53
Алматыда Франция күндерінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов өзінің құттықтау сөзінде Алматы мен Франция арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, білім, гуманитарлық және басқа да салаларда мықтап орныққанын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшылыры Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың жоғары деңгейдегі кездесуі екі жақты өзара байланысқа ерекше тың серпін берді. Алматыда «Сорбонна - Казахстан» институты ашылды, Қазақстанға келулері үшін француз азаматтарына визасыз режим қамтамасыз етілді. Алматы әкімдігі тау шаңғысы туризмін дамыту мақсатында Францияның «Французский горный кластер «Монтань» және "Пома"» компанияларымен меморандумға қол қойды», - деді Ахметжан Есімов.

Еліміздегі қолайлы инвестициялық климатта Қазақстанға француз компанияларының көптеп келуін қамтамасыз етті. Мысалы, қазіргі кезде Алматыда 16 біріккен қазақ-француз, кәсіпорны бар және 37 кәсіпорын француз капиталымен жұмыс істейді. Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 400 млн. жуық долларды құрады.

 

 

Барлық жаңалықтар