- Басты
- Жаңалықтар
- Атақты 72-атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі Қызылордаға жеткізілді
Атақты 72-атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі Қызылордаға жеткізілді
Аталған дивизия 1941 жылдың аяғында Ақмола облысында құрылып, майданға аттанған. Әскери құрама сұрапыл соғыс жылдары Сталинград Курск шайқасына қатысып, Украина, Молдавия, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерімен жүріп өтіп, Жеңіс күнін Прагада қарсы алған. Дивизияның 31 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанды.
«Біз - Жеңістің ұрпағымыз» атты республикалық шараның аясында жауынгерлік ту қаладағы барлық оқу орнында жастарға таныстырылып, 11 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысына жол тартады. Тудың жеткізілуіне орай салтанатты шара өтіп, оған әскери бөлімдердің сарбаздары, студенттер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.
«Жауынгерлік ту ұландарға рух береді. Балаларымызды сарбаздардың тәжірибесімен, солардың рухымен тәрбиелеуіміз керек»,- дейді соғыс ардагері Танеш Оразов.
ҚР Ұлттық ұланы 55/47 әскери бөлімінің командирі Мақсат Қырғызбаевтың айтуынша, бұл өткізіп жатқан іс-шара Ұлттық ұланның әскерлерімен ұйымдастырылып, биыл 70 жыл толатын Жеңіс мерекесіне орайластырылды. Мақсат - сол кездегі қазақстандық жауынгерлердің соғыста көрсеткен ерліктерін, батырлықтарын еске түсіріп, қазіргі жастардың патриоттық сезімін оятып, солардың ерліктерін дәріптеу.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
COVID-19: Ауруханаларға медициналық перапараттар жеткізілді -
Алғашқы қазақстандық қарбыз Ресейге жеткізілді -
Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді -
Елордаға Үрімшіден гуманитарлық көмек жеткізілді -
389 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді – «Қазпочта» төрағасы -
Бейжіңге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді -
2018 жылы экономиканың барлық салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді – Елбасы -
Елбасы Отардағы Жауынгерлік парадқа қатысты -
Н.Назарбаев: 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен 1,5 есе өсуге тиіс -
Ақтауда МЖӘ аясында жауынгерлік өнер Академиясы ашылды (ФОТО)