• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ОСК кезектен тыс президенттік сайлауда сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негізі туралы қаулы қабылдады

ҚР ОСК кезектен тыс президенттік сайлауда сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негізі туралы қаулы қабылдады

9 Наурыз, 2015 19:33
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы отырысында ҚР Президенттігіне үміткерлерге сайлаушылардың қолын жинауға расталмаған негіз туралы қаулы қабылдады .

«Келесі кезең басталуда. Енді үміткерлер қол жинау үдерісіне көше алады. Сол үшін аймақтық сайлау комиссиялары қол жинау сәтінде неге рұқсат берілмейтіндігін мұқият біліп алулары тиіс», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сондай-ақ 9 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақтарын тексеру барысында сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негіздері туралы» қаулы қабылданды.

Президенттікке кандидаттарды қолдап жиналған сайлаушылардың қолдарын тексеру барысында: бірнеше адам үшін бір қолмен орындалған, нақты кандидат үшін қол қою парақтарында бір адам бір реттен артық орындаған, қол қою парағына сай деректер толық болмаған кезде, өз қолын кері қайтарып алушы сайлаушының жазбаша өтініші болған кезде, белсенді сайлау құқығы жоқ адам орындаған, қайтыс болған адамдар үшін орындалған сайлаушылардың қолдары жалған болып танылатынын айқындады.

Аумақтық сайлау комиссиясы, қол заңдардың талаптарын бұза отырып алынғаны анықталатын өзге жағдайларда да, қолды жалған деп тануы мүмкін. 

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар