• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізуде

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізуде

6 Қазан, 2013 09:43
Елбасының тапсырмасы бойынша 2013 жылы Қор компаниялар тобында шығындарды және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің санын қысқарту бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ 2,3 мың әкімшілік қызметкерді қысқартуды жоспарлап отыр, деп «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл компаниялар тобында 2356 әкімшілік қызметкердің жұмыстан босатылады деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген басқару холдингтері мен ұлттық компаниялардың басқару аппараттарының құрылымдарын оңтайландыру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында қолға алынған», - деді компанияның  басқару  директоры Н. Рахметов.

Жиын барысында Басқарма мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ басқару директоры Нұрлан Рахметов хабарлағандай, компаниялар қызметінің тиімділігін көтеру мақсатында Қор еншілес ұйымдарымен бірлесіп 2013-2015 жылдары жиынтық әсері 135 млрд. теңгені құрайтын ірі компаниялардың шығындарын қысқарту Бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыруда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында алынған табыс 20 млрд.теңгеге тең.

2012 жылы Қор компанияларының тобында 2210 бірлік қысқартылды. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік-басқару ұжымы 29790 адамды құрады, ал еңбек ақысына жұмсалатын шығындар 7 млрд. теңгеге қысқарған.

Бұған қоса холдингтің ішкі қорларын анықтау үшін топ ішіндегі кооперация есебінен шығындарды қысқарту Бағдарламасы мақұлданды. Осыған сәйкес Қор компанияларының тобы ішінде нарықтық жағдайда тауар мен қызмет түрлерін сатып алу көлемін ұлғайту, Қор тобы бойынша орталықтандырылған сатып алулар арқылы бағаларды төмендету мүмкіндіктерін пайдалану сынды іс-шаралар іске асырылмақ. Нәтижесінде тек мұнай өнімдерін сатып алуға байланысты топ ішіндегі кооперацияны енгізуден ғана жылдық экономикалық әсер 6 млрд. теңгеге жетеді.

Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын көтеру үшін қолға алынған жұмыс бағыттарының бірі – активтерді қайта құрылымдау. Қор функционалдық талдау жүргізіп, қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының активтерін қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралардың тиісті Жоспарларын бекіткен.

 Жоспарға сай 560 кәсіптік емес актив пен нысанды қайта құру, нарыққа шығару немесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға беру көзделген. 1 қыркүйекке дейін іс жүзінде шығарылған активтер мен нысандардың саны 400-ден астам, 2013-2015 жылдары тағы 150-ге жуығы жойылмақ.

«Шығындарды азайту жөніндегі іс-шаралардың барлығы операциялық тиімділіктің стратегиялық көрсеткішінің оңтайлы қозғалысына ықпал етті: Қор тобы бойынша EBITDA margin (екінші деңгейлі банктерді есептемегенде) 2011 жылы тіркелген 17,8% 2012 жылы 19,3% дейін өсті, ал 2013 жылдың I жартыжылдығында 22,2% құрады», - деп хабарламада нақтыланған. 

Барлық жаңалықтар