- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК: Президенттікке кандидат У.Қайсаров мемлекеттік тілден емтихан тапсыра алмады
ҚР ОСК: Президенттікке кандидат У.Қайсаров мемлекеттік тілден емтихан тапсыра алмады
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Уәлихан Қайсаров сыннан өтпеді, деп шешті Лингвистикалық комиссия.
«Шығарманың тақырыбын мүлде аша алған жоқ. Қате көп болды. Шығармада 23 орфографикалық, 5 пунктуациялық, 7 стилистикалық қате жіберген. Емтиханның екінші кезеңін жаман тапсырған жоқ, сөз сөйлегені жақсы, бірақ Ілияс Есенберлиннің шығармасын мағынасын түсінбей оқыды», - деді М.Жолдасбеков.
«Үшінші кезеңде Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері берілсе де, ол кісі Кенесары хан туралы көп айтып кетті. Сонымен қатар, У.Қайсаровтың жеке анкетасындағы қателеріне тоқталайын. Ол кісі «басқа мемлекеттің азаматтығында тұрамын» деп жазған, яғни, анкетадағы сөйлемнің мағынасын түсінбеген. Туған жылындағы «туған» сөзін, «тұған», анкета 2015 жылдың наурызында толтырылған дегенде «наурыз» сөзін «науырыз» деп жазған. Бұл өте өрескел қателер»,-дейді комиссия төрағасы М.Жолдасбеков.
Осы талдаудан кейін лингвистикалық комиссияға сұрақ қойған У.Қайсаров: «Сіздер ТМД деп айтып отырсыздар. Бірақ, ТМД деген сөз сұрақта болған да жоқ, айтылған да жоқ. Сол ТМД-ны қайдан алдыңыз», - деді кандидат У.Қайсаров комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековке.
«Мен оны ойлап тапқаным жоқ. Бұл бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттердің 1991 жылғы желтоқсанда Алматыда құрған достастығы. Содан кейін біздің Тәуелсіздігіміз басталды. Сізге берілген тақырып – «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы: тарихы мен бүгіні», - деді М.Жолдасбеков.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы