«Оралу» кинокартинасында 3 тіл қолданылады – Сүлейменов (Фото)

9 Наурыз, 2015 17:31
«Оралу» кинокартинасында 3 тіл қолданылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде фильмнің режиссері Рашид Сүлейменов мәлімдеді.

«ҚР Президентінің жастар саясаты фильмге арқау болды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «патриот болу» - жүрегіңде  әрқашан Қазақстанды сақтап жүру». Сондықтан да фильмде патриоттық көрініс тапқан», - деді Р.Сүлейменов.

Ол атап өткендей, фильмде 3 тіл қолданылды. Басында басты тұлға ағылшын тілінде сөйлесе, фильмнің соңында ол өз туған тілін үйрене бастайды.

«Барлық 3 тілдің қолданылуы шынайы өмірдегі көріністі бейнеледі»,  - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар