- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне үміткер Е.Үктешбаев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген – Лингвистикалық комиссия
ҚР Президенттігіне үміткер Е.Үктешбаев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген – Лингвистикалық комиссия
ОСК хабарлағандай, лингвистикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Есенбек Жапарұлы Үктешбаев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп танылды. Лингвистикалық комиссияның Төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның шешімді ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдағанын жариялап, емтихан барысы туралы айтты.
««Таңдаған тақырыпты ашу талап етілетін жазбаша тапсырмада кандидат өз ойын қисынына келтіріп жеткізе алмады, сөз тіркестерінің әдеби нормаларын бұза отырып, сөйлемдерді стилистикалық жағынан дұрыс құрған жоқ. Жазбаша тапсырманың көлемі талап етілетін екі парақтан кем болды. Кейінгі тапсырмада үміткер Мұқағали Мақатаевтың «Сезім» атты өлеңін оқуда қателер жіберді және оқылған өлеңнің мазмұны бойынша комиссияның қойған сұрақтарына жауап берген жоқ», - делінген қорытындыда.
«Қоғам және демократия» деген тақырыпта көпшілік алдында сөз сөйлеуде қажетті 15 минуттың орнына кандидат 10 минут сөйледі, тақырыпты ашпады, әдеби тіл нормаларын бұзды және сұрақтарға қанағаттанарлықсыз жауап берді». Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді