ҚР ОСК азаматтардан 14 өтініш келіп түсті

9 Наурыз, 2015 11:09
ҚР ОСК президенттігіне үміткерлерден 14 өтініш келіп түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады.

«Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына азаматтардан 14 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі партия атынан, 13 адам өзін-өзі ұсынды. Тұрғын Сыздықов Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылған болатын. Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта осы азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Сайлау» туралы заңына сәйкестігін тексеріп жатыр. Тиісті сұраныстар Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне жіберілді», - деп мәлімдеді Л. Сүлеймен.

Сонымен, 2-9 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясына азаматтардан 14 өтініш келіп түсті. Айта кетейік, өзін-өзі ұсынғандар: 
Сырғабаев Асқар Жорабайұлы, Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, Қойшиева Лимана, Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы, Үктешбаев Есенбек Жапарұлы, Жунісбеков Якобжан, Жұман Қайрат Тоқтарұлы, Серғазин Ержан Мерекеұлы, Маишев Қайрат Әлембайұлы, Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, Естемесов Бахтияр Өксікбайұлы,  Турагелдиев Қанат Сбашұлы. Ал, Тұрғын Сыздықов Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылды.

ОСК хабарлағандай, бүгінде кейбір үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша төмендегі анықталды.Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы қырық жасқа толмаған, осыған байланысты оларды 2015 жылғы 6 наурызда ҚР ОСК қаулыларымен тіркеуден бас тартылды. Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия қорытындысының негізінде ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде екі үміткерді - Сырғабаев Асқар Жорабайұлы мен Алдажанов Сафиолла Қалабайұлын тіркеуден бас тартты.  

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар