- Басты
- Жаңалықтар
- «Қарағандыда жоғалғандар» фильмі Джакарта қаласында өткен кинофестивальде ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды
«Қарағандыда жоғалғандар» фильмі Джакарта қаласында өткен кинофестивальде ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды
ҚР СІМ хабарлағандай, осыған дейін «Қарағандыда жоғалғандар» фильмі 2014 жылдың ең үздік деректі фильмі номинациясында жеңіп, California Film Awards сыйына ие болды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаржылай көмегімен «Nexos» Ассоциациясының өкілдері 2014 жылдың барысында Карлагта тұтқындалған испандықтар туралы 50-минуттық толық метражды деректі фильмді бейнеге түсіру жұмыстарын жүргізді.
Фильм түсіріліміне 2013 жылы қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахойға Карлагта тұтқындалған испандақтар туралы 152 мұрағат істерін бергені септігін тигізді. Қазақстан бұрынғы КСРО елдері арасында Испанияға мұрағат істерін ресми берген алғаш ел болды.
Фильмде осы күнге дейін көптеген испандықтарға беймәлім көзкөргендердің мәліметтері, испандықтарды Карлагқа жіберілу себептері көрсетілген.
Испаниядағы Азаматтық соғыс, Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында өзара қарама-қарсы тұрған, бірақ бір лагерьге жиналған Испандық Республикалық партия және «Көгілдір дивизия» өкілдерінің тағдырлары көрсетілді. Фильмде идеологиялық қарсыластар өзара келіспеушіліктерді ұмытып, аман қалу үшін бір-біріне көмектесіп, табыстасатыны баяндалған.
Карлагта жоғалған испандықтардың жақындарына, ұрпақтарына және тарихшылар назарына олардың қамауда тұрған, жерленген жерлері, аман қалғандарымен сұхбаттары, жергілікті халық пен тарихшылар мәлімдемелері ұсынылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек