• Басты
  • Қызылорда облысында 17 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады – әкім (ФОТО)
9 Наурыз, 2015 15:03

Қызылорда облысында 17 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады – әкім (ФОТО)

Мереке қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген бір топ нәзік жандыларды қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда облысында  17 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады – әкім (ФОТО)

Аймақ басшысымен кездесуге 60 тан астам әйел-аналар келді. Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ері, батыр ана Сәлима Жұмабекова, Ұлы отан соғысына қатысушы Любовь Колесник, тыл ардагері Фазила Махамбетова, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, дәрігерлер, балықшы, кәсіпкер, қол өнер шеберлері, геолог, актриса, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, спортшы, этномәдени бірлестік жетекшілері, журналистер, механизатор, ауылшаруашылығының еңбеккерлері болды.

«Бәріміз асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі де келіп жетті. Бұл мейрам қашанда ең ізгі, ең ыстық сезімдерге толы. Өйткені, бұл күн – асыл жанды аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың, жаны жайсаң жеңгелеріміз бен инабатты келіндеріміздің қуанышы. Олай болса Сіздерді осынау 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, аймақ басшысының айтуынша,  өңірде көпбабалы аналар өте көп. Бүгінде 18 мыңнан астам әйел 4 және оданда көп баланы тәрбиелеуде, оның үстіне аймақта 17 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады. 

Барлық жаңалықтар