- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында экспресс-жарыс өтті (ФОТО)
Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында экспресс-жарыс өтті (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, Жарысқа Ақмола гарнизонының түрлі бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер қатысты. Олардың ішінде барлық әскер түрлері мен тектерінің, олардың ішінде Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері бар. Ерекше әскер тегі болып саналатын Аэроұтқыр әскерлерінің атынан елордалық бригаданың десантшы қыздары сынға түсті.
Жарыстың бірінші кезеңінде Макаров тапаншасынан (ПМ) ату көзделді. Бұл ретте қыздардан 25 метр қашықтықта орналасқан нысананы үш рет барынша дәл нысанаға алу талап етілді. Мұндай талаптар тапаншадан оқ атудан сынақ тапсыратын офицерлер алдына да қойылады. Экспресс-сайысқа қатысушылардың жартысынан көбі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер болғанына қарамастан, қыздар атысты жақсы көрсеткіштермен өткізді. Үздік нәтижелерді десанттық-шабуылдау бригадасының өкілдері капитан Гүлнар Аралова мен ефрейтор Мақпал Хафизова көрсетті.
Хабарламада аталып өткендей, жарыстың ең қиын кезеңі «Атлетизм. Батылдық. Өткірлік»кедергілер жолағын (АБӨ) бағындыру болды. Бұл идеяны жасап енгізген Құрлық әскерлерінің басқолбасшысы болатын. АБӨ жолағын бағындыру барысында бірнеше рет алдағы 25 килограмдық жәшіктерді көтеру, «жаралы» жауынгерді тасымалдау, терең ордан өту, тікенекті сым астынан жер бауырлап еңбектеп өту және басқа да күрделі элементтерді орындау қажет еді.
Жарысқа қатысушылардың бірнеше тапсырмаларын жеңілдетті, ауыр заттарды көтеруді қысқарту арқылы ер азаматтар қызметтес әріптестерін қорғауға тырысты. АБӨ кедергі жолағын бағындыруда қыздардың біреуі де қашықтықтан бас тартып, жарыстан шығып қалған жоқ. Мәреге барлығы шамамен бір уақытта келді, сондықтан барлық жарысқа қатысушылардың көрсеткіштеріне 100 ұпайдан қосылды.
Экспресс-жарысты қорытындылай келе десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Раджан Жанысов барлық қыздардың сынақтардан абыроймен өтіп, өз әскерлерінің намысын лайықты қорғай алғанын және өздерін ер азаматтармен тең дәрежеде қызмет атқаратын Отан қорғаушы деп атауға толық құқылы екенін атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті