• Главная
  • Қазақстандық дипломатияның әдемі нәзік бейнесі бар – Ыдырысов
9 марта, 2015 12:36

Қазақстандық дипломатияның әдемі нәзік бейнесі бар – Ыдырысов

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ведомствода жұмыс істейтін нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қазақстандық дипломатияның әдемі нәзік бейнесі бар – Ыдырысов

Ведомсвтодан хабарлағандай, Е. Ыдырысов әйел заты сан хасырлар бойы отбасының ұйытқысы болып табылатынын атап өтті. «Сіздер мейірімділіктің, жылулықтың, махабаттың көзісіздер. Бүгінде біз өмірге әкелген Ана бейнесі алдында бас иеміз», – деді ол.

Ол баса айтқандай, қазақстандық дипломатияның әдемі нәзік бейнесі бар.

Ақпарат бойынша, министрліктің орталық аппаратында 130 қыз келіншек жұмыс істейді, яғни қызметкерлердің 40% әйелдер. Оның ішінде 22 басшылық қызметті атқарады.

«Біздің мәмілегер әйелдеріміз кәсіби қызметте үлкен жетістіктерге жетуде және ер адамдарға лайықты бәсекелес болуда. «Бізде әйел бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетеді деген жақсы мәтел бар. Ал, біздің әйелдеріміз мәмілегер әйел екенін ескеретін болсақ, олардың мемлекетіміздің сыртқы саясатын жүргізуде сіңіріп отырған еңбегі зор екенін айтпай кетуге болмас», – деп түйді Е. Ыдырысов.