- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін мақсатты трансферттер көлемі арттырылды
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін мақсатты трансферттер көлемі арттырылды

Сенаттың хабарлауынша, экономика салаларының 2014 жылғы дамуының алдын ала деректерін және негізгі экспорттық тауарларға әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған болжамын түзету 2015 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін негіз болып табылады. Биылғы 11 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев алға қойған тапсырмаларына сәйкес «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы дағдарысқа қарсы жаңа шараларды іске асыру үшін Ұлттық қордың нысаналы трансферттері ұлғаятын болды.
Сенаторлар А.Күзеков, В.Бобров, Б.Еламанов, С.Бектұрғановтың бюджетті жоспарлауды жетілдіру, сыртқы қарызды жабу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй қатынастары саласы жөніндегі сауалдарына дамыту премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, қаржы, инвестиция және даму министрлері жауап берді.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын қолдау тұрғысында сенаторлар Е.Сағындықов, М.Көбенов, В.Редкокашин, О.Перепечина, Ә.Бектаев сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының ұсынысы бойынша Б.Мелдешов пен Л.Сүлейменді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына бес жыл мерзімге тағайындады.
Палата бірқатар халықаралық құжаттарды, атап айтқанда: 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы; Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны және Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялады.
Депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл мәселе бойынша Л.Тұрлашов, Б.Бекназаров және Б.Әйтімова өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты.
Сенаторлар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Құжат денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді және басқаруды жетілдіруге, халықтың денсаулығын нығайту мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының әлеуетін арттыруға, дәрілік саясатты жетілдіруге бағытталған.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев сенаторлар Б.Әйтімованы, Л.Полторабатьконы және О.Перепечинаны келе жатқан мерекемен құттықтады. Сенат Төрағасы парламентаризмді және мемлекет құрылысын дамытудағы зор үлесін атап өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда

