• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қордың компания тобындағы нәзік жанды қызметкерлерді құрмет грамотасымен марапаттады

«Самұрық-Қазына» АҚ қордың компания тобындағы нәзік жанды қызметкерлерді құрмет грамотасымен марапаттады

8 Наурыз, 2015 12:21
8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ қордың компания тобындағы нәзік жанды қызметкерлерді жеткен жетістігі мен қажырлы еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.

«Елбасының сындарды саясатының арқасында әйел баласына ер адамдармен тең құқық берілген. Олар еркін және білімді. Мемлекеттің барлық саладағы өміріне белсенді араласып келеді. «Самұрық-Қазына» АҚ  100 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, оның 7 мыңнан астамы басшылық қызметте. Бұл гендерлік теңдіктің көрсеткіші», - деді қор басшысы Өмірзақ Шөкеев салтанатты жиында.

«Бүгін біз орталық офисте еліміздің жан-жағынан келген әйелдерді жинадық. Олар біздің үздік қызметкерлеріміз. Біз оларды мерейлі мерекесімен құттықтап, олар арқылы барлық құттықтауымызды «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жұмыс істейтін әйелдерге жеткізгіміз келеді», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Қор басшысы әйелдерге бизнесті трансформациялау бағдарламасына белсенді қатысып келе жатқаны үшін алғыс білдірді. 

Барлық жаңалықтар