- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да басшылық қызметтің 40%-дан астамын нәзік жандылар атқарады – әкім (ФОТО)
ШҚО-да басшылық қызметтің 40%-дан астамын нәзік жандылар атқарады – әкім (ФОТО)
«Әйелдер күніне орай ШҚО-да салтанатты концерт өткізілді. Онда «Астана Опера» театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин мен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Жарқымбаева және жергілікті шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті», - делінген хабарламада.
«Шуақты көктеммен бірге келген, мерейлі мереке - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сұлулық пен даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымының қоғамдағы орыны ерекше. Әрбіріңіз түрлі салада қызмет ете отырып, өңіріміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Еңбектеріңіз жанып, биіктерден көріне беріңіздер! Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр шаңырақтың, отбасының, Отанның мерейі. Сондықтан қуанышты күндеріңіз көп болсын! Баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт, толағай табыстар тілейміз», - деп жылы лебізін білдірді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Ақпараттық орталықтан атап өткендей, аймақта денсаулық сақтау саласында - 85%; білім беру саласында 75%-ға жуығы және қаржы саласында - 68% әйелдер. Мемлекеттік басқару жүйесінде жартысынан көбі әйел азаматы (54,2%); ауыл және балық шаруашылығында – 22%. Ал, өңірдегі басшылық қызметтердің 40%-дан астамын әйелдер атқарады.
Қала және аудан әкімдерінің орынбасары деңгейінде олар 20,8% құраса, ауыл мен ауылдық округтер әкімі деңгейінде 42,9% көрсетті. Облыстық маслихаттың депутаты ретінде 4 әйел, қалалық және аудандық маслихатқа 48 әйел сайланды. Сонымен қатар, аймақтағы ірі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басында да нәзік жандылар бар.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»