- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Жарма ауданында Қоғамдық келісім орталығы ашылды (ФОТО)
ШҚО-ның Жарма ауданында Қоғамдық келісім орталығы ашылды (ФОТО)
ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, славяндық «Бірлік», немістік «Айнхайт», шешендік «Бард» этномәдени бірлестіктерін біріктірген жаңа орталықтың құрамына еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары мен әртүрлі ұлттың өкілдері енді. Аталмыш орталықтың жетекшісі болып Татьяна Пяткова тағайындалды.
Аталып өткендей, бүгінде облыста 110 этномәдени бірлестік, 9 Достық үйі жұмыс істейді.
«Бүгінгі күні өңірдегі Қоғамдық келісім орталықтарының қатарына елдегі достық пен келісімді күшейту үшін жұмыс атқаратын тағы бір ошақ қосылып отыр. Береке-бірлігіміздің іргесі сөгілмесін. Елбасымыздың сарабдал саясатымен «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген межелерге біз тек ынтымақ арқылы ғана жете аламыз», – деді ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев.
Айта кетерлік жайт, ауданда этносаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының рухани байлығы мен мәдениетін насихаттау жұмыстарына баса назар аударылып келеді. Шар қаласының Мәдениет үйінде «Ардагерлер хоры», «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Мұрагер» клубы, өнер мектебінде би топтары жұмыс істейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қоғамдық келісім орталығының ашылуы 17 ұлттың өкілдері тұратын аудан халқы үшін әр ұлттың рухани-мәдени құндылықтарын байытуға, ауданның қоғамдық өмірінде этнотоптардың белсенділігін арттыруға зор септігін тигізеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды