- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің арнайы уәкілі Латвияның Сыртқы істер министріне Н.Назарбаевтың Жолдауын тапсырды
ҚР Президентінің арнайы уәкілі Латвияның Сыртқы істер министріне Н.Назарбаевтың Жолдауын тапсырды
ҚР СІМ хабарлағандай, сапар мақсаты – 2017-2018 жж. Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау.
Ригада оның Латвия Республикасының Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен, Сейм хатшысы, Президиум мүшесі Андрей Клементьевпен, Сеймнің Халықаралық істер жөніндегі Комитетінің хатшысы Сергей Потапкинмен, Қазақстан Парламентімен Ынтымақтастық жөніндегі депутаттар тобының басшысы, «Латвия үшін шын жүрекпен» партиясының көшбасшысы Ингуна Судрабамен кездесулері өтті.
И. Адырбеков Сыртқы істер министрге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньштің атына 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауында Қазақстан ұсынымын қолдау туралы хатын табыстады.
Қазақстандық депутат латыш тарапын аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласына ҚР қосқан үлесі туралы хабардар етті. Латвия төрағалығының Еуропалық Одақ Кеңесінде сәтті басталуымен құттықтады. Рига Астана және Еуроодақ арасындағы әріптестіктің кеңеюі мен тереңдеуіне өз үлесін қосады деген сенім білдірді.
Латвия Сеймінде өткен келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың ауқымды мәселелері талқыланып, парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды басымдықтары туралы пікірлер алмасылды. Латвиялық депутаттар Елбасының «Нұрлы жол» жолдауының бас тезистерімен, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы негізгі бағыттарымен таныстырылды.
Сонымен қатар, қазақстандық сенатор латыш тілінде тұңғыш рет шыққан Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсау кесері – дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Қазақстанның G-Global идеясына білдірген қызығушылықтары үшін Латвия тарапына алғыс айтып, ұсынылып отырған диалогқа белесенді қатысуға шақырды. Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық жетістіктер мен халықаралық басқа бастамалар жөнінде баяндап берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр