- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев бостандық пен демократияға жетелейтін негізгі 4 бағытты атады
Н.Назарбаев бостандық пен демократияға жетелейтін негізгі 4 бағытты атады
«Қазақстан басты бағыт етіп отырған бостандық, демократия сияқты ұғымдарды негізгі екі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші мемлекетке шексіз берілген мемлекеттік қызмет болуы керек. Ол өте таза, ешкімге тәуелді емес, жемқорлықтан ада және тек халыққа ғана қызмет етуі керек. Сондай-ақ олардың лайықты жалақылары болуы тиіс, ал қажетті жағдайда тіиісінше жазаланып, жершілдікке, рушылдыққа, ағайынгершілікке жол бермейтін, басшылықтың көзқарасына емес, тек білімі мен біліктілігіне ғана сенетін болуы керек»,-деді Елбасы.
Екінші бағыт елде әділ сот жүйесі болуы керек. «Азаматтар сотқа өздерінің бостандықтары, ар-намысы мен бизнесін қорғауы үшін баруы керек. Бізге қазір ескірген кеңестік жүйеден арылып, жаңа сот өкілдерін тәрбиелеу керек. Олардың тағайындалуы, қызмет етуі таза әрі әділ болуы қажет»,-деді Мемлекет басшысы.
Президент сонымен қатар «бүкіл полиция мен құқық қорғау органдары қоғамға қызмет етеді, оларға кез-келген уақытта қол ұшын созады»,-деді.
«Полиция халыққа қызмет етеді. Қажет кезде көмекке келеді. Полиция ашық әрі халыққа жақын болуы керек. Сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесі, ел экономика осылардың арқасында өркендейді. Егер мемлекеттік қызмет таза болып, сот биілігі әділ болатын болса, экономика мен бизнес қарыштап дамиды»,- деді Елбасы.
Мемлекет басшысы атап көрсеткен төртінші бағыт – қазақстандық бірлік. «Біз әртүрлі 100-ден астам этностардан құралғанбыз. Олардың барлығы да өздерін бір ұлттай сезінеді. Бұл өте маңызды», -деді Н.Назарбаев.
Бұған қоса Президент бүгінгі таңда қазақстандықтарға үш тілді білуге ұмтылу қажеттігін ескертті. «Мемлекеттік тіл –ана тіліміз және ана тілі болып қалуы керек, барлығымыз сол тілді меңгеруіміз керек. Орыс тілі ықпалдастық тілі, ол біздің ең жақын көршілеріміз, ұлтаралық қатынас. Ал біздің болашақ ұрпағымыз ағылшын тілінсіз өркендей алмайды. Өйткені ол технология, қоғам, ғылым – бәрі ағылшын тілінде жүріп тауып жатыр», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстанда жаңа жүйе енгізіп, бірінші сыныптан бастап, ағылшын тіліне үйрету керектігіне назар аударды. «Біз былай етеміз, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап үйрету үшін 11-12 сыныптардағы барлық пәндерді ағылшын тілінде жүргізуіміз керек. Балаларды үш тілге үйрету керек», -деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қазақстандық қоғамдастық өкілдерімен кездесті.
Индира Кауметова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады