• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша заң жобасын қарастырды

Сенат табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша заң жобасын қарастырды

6 Наурыз, 2015 16:22
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР-ның табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Құжат  Үкіметтің  2014 жылға арналған заңнамалық жобалар бойынша жоспарын жүзеге асыру аясында жасақталды.

Заңжобасының мақсаты - аталмыш саладағы ашықтықты арттыру, процедуларалды жеңілдету, шығындарды азайту, өтініштерді қарастыру процедурасын жеңілдету болып табылады.

Айта кетерлік жайт, заңжобасында табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы жауапкершілігі бекітілген.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді. 

Барлық жаңалықтар