Н. Назарбаев: Әйелдер – ошағымыздың ұйытқысы

6 Наурыз, 2015 15:09
Әйелдер – ошағымыздың ұйытқысы. Бұл туралы Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

«Әйелдер – ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, алтын бесiктiң иесi, елдiң болашағы. Әйелдер қауымы Тәуелсiздiк жылдарында елiмiздiң тыныштығын сақтап, менiң саясатыма қолдау танытты. Сондықтан сiздердi, сiздер арқылы бүкiл Қазақстан әйелдерiн шын жүрегiммен көктем мерекесiмен құттықтаймын. Еш уақытта жүздерiңiзден күлкi кетпесiн, отбасыларыңызда тыныштық болсын, бақытты болыңыздар. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болса, аманшылық болады», - дедi кездесуде Н.Назарбаев.

Жалпы, бүгінгі кездесуге түрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген әйелдер – депутаттар, кәсіпорын жетекшілері, көп балалы аналар, дәрігерлер, өндіріс қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, спортшылар жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, олардың қатарында ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiхалықова, ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова, Мәжiлiс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Ирина Аронова, теннисшi Зарина Диас, «Turkvizion- 2014» халықаралық байқауының жеңiмпазы, белгiлi әншi Жанар Дұғалова, «Балапан» телеарнасының директоры Ләйла Сұлтанқызы, актриса Бибiгүл Сүйiншәлина, «Қазақ аруы» байқауының жеңiмпазы, «Махаббатым жүрегiмде» телехикаясында Кәмшат рөлiн сомдаған Гүлнәз Жоланова, Ең әдемi волейболшы танылған Сабина Алтынбекова бар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар