- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті қазақстандықтарды ішкі тұрақтылықты сақтауға шақырды
Қазақстан Президенті қазақстандықтарды ішкі тұрақтылықты сақтауға шақырды
«Ел тарихы үшін 23 жыл деген не? 23 жыл бұрын болған тарихты еске алыңыздаршы, біз жұмыс істедік және уақыттың қалай өтіп кеткенін білмедік. Уақыт тез өтіп барады және біз жаңа мемлекетті салдық, яғни әлем картасында болмаған жаңа мемлекетті құрдық», - деді Елбасы.
Осы ретте, Ұлт көшбасшысы атап өткендей, Қазақстан көршілерімен достық қарым қатынасты сақтап келеді, бұл өз кезегінде мемлекеттің дипломатиялық қауіпсіздігін кепілдендіреді.
«Біздің көршілерімізбен жүргізіп отырған саясатымыз әділ, Ресей мен Қытай сынды ұлы мемлекеттермен де қарым-қатынасымыз жақсы. Егер айналаңда достық қарым-қатынасты орната алмасаң саған қиын болады», - деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы баса айтқандай, Қазақстан ішкі тұрақтылықтың арқасында экономикасының барлық салаларын, мәдениет, білім салаларын үлкен қарқынмен дамытып келеді және осы артықшылықты сақтап қалған жөн.
«Қоғамда ішкі тұрақтылық болмаса, экономиканы дамытуға көңіл бөлуге уақыт болмайды. Ішкі тұрақтылығы сақталып қалған мемлекеттер ғана дамып келеді және біз осы тұрақтылығымызбен мақтанамыз. Қазақстанда ұлтына, нәсіліне, діліне, дініне қарамастан 17 млн халық бірлік пен татулықта өмір сүріп келеді және осыны одан ары сақтап қалуға тырысу керек», - деді ҚР Президенті.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы