• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Черногорияны Балқан аймағындағы ең жақын әрі маңызды әріптесі деп есептейді – С.Дьяченко

Қазақстан Черногорияны Балқан аймағындағы ең жақын әрі маңызды әріптесі деп есептейді – С.Дьяченко

6 Наурыз, 2015 16:03
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жіберген өкілі, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Черногорияға сапары барысында осы елдің Президенті Филип Вуянович пен вице-президент Сульо Мустафовичпен кездесті.

Парламент Мәжілісі өкілдерінің хабарлауынша, кездесу барысында С.Дьяченко Черногория Президенті мен республика халқына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық ықыласты сәлемін жолдады. Мәжіліс төрағасының орынбасары Қазақстанның Черногорияны Балқан аймағындағы ең жақын әрі маңызды әріптесі санайтындығын жеткізді.  Бұл ретте тараптар екі елдің ынтымақтастығы өзара түсіністік пен қолдау негізінде өрбіп келе жатқандығын сөз етті. Кездесуде екі мемлекеттің де халықаралық деңгейдегі мәселелерге қатысты, әсіресе бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты көзқарастары бір арнада тоғысып отырғандығы айтылды.  

Қазақстандық делегация жетекшісінің айтуынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуін Черногория қолдап, оған белсенді түрде қатысты. Астана Черногорияның бұл әрекетін жоғары бағалайды. Сондай-ақ қазақстандық өкіл черногориялықтарға елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылған экономикалық әлеуметтік мәселелер туралы да айтып берді.    

Өз кезегінде Ф.Вуянович Қазақстанның Экспо-2017 көрмесіне дайындығын жоғары бағалады. Сондай-ақ Черногрия Президенті Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына ықпал ететін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ерекше ынта-ықыласпен тыңдады.

Мәжіліс төрағасының орынбасары черногориялықтардан Қазақстанның 2017-2018 жылдарда     БҰҰ-ның тұрақты емес өкілі болу жөніндегі бастамасына қолдау көрсетуді сұрады және Ф.Вуяновичке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоралғысын табыс етті.

Өз кезегінде Черногория Президенті Черногорияның Қазақстанның ұсынысын қолдайтындығын жеткізді. «Подгорица екіжақты қарым-қөатынастардың дамуына ықыласты. Сол себепеті бізге қазіргі таңда бірінші кезекте Қазақстан мен Черонгория арасында  энергетика, тау-кен өндірісі, туризм мен сауда бағытындағы ынтымақтастықты арттыру керек. Бұл бағыттағы біздің елдеріміздің әлеуеттері әлі толық пайдаланылған жоқ»,-деді Черногория басшысы.

Сондай-ақ тараптар келесі кездесуді Астанада өткізуді уағдаласты, сонымен қатар, Черногория Президенті өз елінің Премьер-Министрінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру да олар үшін маңызды міндеттердің біріек ендігін атап өтті.    

 

 

Барлық жаңалықтар