- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Халықаралық әйелдер күніне орай қоғам өміріне белсенді араласып жүрген әйелдермен кездесті (ФОТО)
Елбасы Халықаралық әйелдер күніне орай қоғам өміріне белсенді араласып жүрген әйелдермен кездесті (ФОТО)
Елбасы кездесуге келген әр нәзік жандының жұмысына тоқталып, құттықтады. Бүгінгі кездесуге түрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген әйелдер – депутаттар, кәсіпорын жетекшілері, көп балалы аналар, дәрігерлер, өндіріс қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, спортшылар жиналды. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiхалықова, ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова, Мәжiлiс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Ирина Аронова, теннисшi Зарина Диас, белгiлi әншi Жанар Дұғалова, «Балапан» телеарнасының директоры Ләйла Сұлтанқызы, актриса Бибiгүл Сүйiншәлина, «Қазақ аруы» байқауының жеңiмпазы, «Махаббатым жүрегiмде» телехикаясында Кәмшат рөлiн сомдаған Гүлнәз Жоланова, Ең әдемi волейболшы танылған Сабина Алтынбекова бар.
«Әйелдер – ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, алтын бесiктiң иесi, елдiң болашағы. Әйелдер қауымы Тәуелсiздiк жылдарында елiмiздiң тыныштығын сақтап, менiң саясатыма қолдау танытты. Сондықтан сiздердi, сiздер арқылы бүкiл Қазақстан әйелдерiн шын жүрегiммен көктем мерекесiмен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.
«Еш уақытта жүздерiңiзден күлкi кетпесiн, отбасыларыңызда тыныштық болсын, бақытты болыңыздар. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болса, аманшылық болады», - дедi кездесуде Елбасы.
Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның игілігіне жүзеге асырылып жатқандығын айтты.
Оған қоса, Мемлекет басшысы ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді бірінші кезекте нәзік жандылар ұсынғанын атап өтті.
«Қазiр сайлау науқаны басталып кеттi. Мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу бастамасын негiзiнен әйелдер қолдады. Маған кандидатурамды ұсынуды өтiнген мыңдаған хаттар келiп түсуде. Менiң жеке жоспарларым мүлдем өзге болған, мен Қазақстанды көптеген жылдар бойы басқарып келемiн, тәуелсiздiктiң бастауында тұрдым. Мүмкiн, театрдағы декорацияны ауыстыратын кез келген шығар», - дедi Н.Назарбаев.
Индира Қауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қоғамдағы кибербуллинг құбылысы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді