ҚР АШМ: 2015 жылы АӨК субсидиялауға 157,3 млрд.теңге бөлінді

6 Наурыз, 2015 13:03
2015 жылы АӨК субсидиялауға 157,3 млрд.теңге бөлінді, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,8 есеге көп, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2,5 трлн. теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткішінен 0,8%.-ға асып түсті.  Күрделі табиғи жағдайға қарамастан өсімдік шаруашылығының өсімі 98,4% құраса, мал шаруашылығында - 3,8%.

Сонымен қатар аталып өткендей, азық-түлік өнімдерін өндіру 2,9 %-ға  өсті. «2014 жылы енгізілген инвестициялық субсидиялар ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемін 14,4%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, жыл қорытындысы бойынша 166,4 млрд. теңгені құрады.  Азық-түлік өнімдерін өндірудің инвестициясы  16,5%-ға артып, 40,8 млрд. теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ет және ет өнімдері экспортының өсімі үшін өткен жыл өзгермелі болды. 2014 жылы Қазақстан 12,3 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттады. Оның ішінде қызыл ет экспорты 7,5 мың тонна, сиыр еті – 6,3 мың тонна. Ал, АӨК өнімінің импорты 4,1%-ға (3,8 млрд. тенге) төмендеді, деп түсіндірілген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар