- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Германия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын неміс компанияларының тізімін талқылады
Қазақстан мен Германия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын неміс компанияларының тізімін талқылады
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, көрме шеңберінде Р. Жошыбаев БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымы Жібек жолы елдерінің туризм министрлерінің 5-ші отырысына қатысып, Қазақстандағы туризмнің дамуы, Жібек жолы әлеуетін іске асыру бойынша Қазақстанның рөлі және Елбасының «Нұрлы жол» жолдауының негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі.
Р. Жошыбаев алдағы уақытта Астана қаласында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары туралы хабарлап, аталған шара Қазақстан және бүкіл өңір үшін туризм дамуының қозғаушы күші болатынын атап өтті.
Көрме қатысушылары қазақстандық павильонға аса қызығушылық білдірді. Олардың қазақ ұлттық тағамынан дәм татып, дәстүрлі билерді тамашалап, ұлттық аспапта нақышына келтіріліп орындалған әдемі әуендерді тыңдап, сонымен қатар қолдан жасалған киіз киімдердің және күміс бұйымдардың дайындау барысын көруге мүмкіндіктері болды.
Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақстандық делегация екі жақты келіссөздер жүргізді, оның ішінде ГФР экономика және энергетика министрлігінің туризм дирекциясының жетекшісі М. Вебермен, көрменің басшылығымен және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді.
Қазақстан әлемдік туризмнің беделді сұхбат алаңы болып танылатын және елдің бай тарихын, мәдениетін және қайталанбас табиғатын таныстыруға мүмкіндік беретін ITB жұмысына жыл сайын қатысады. Сонымен қатар, көрме туристік саладағы көшбасшылармен ынтымақтасу мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болып саналады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды