Мәжіліс Азаматтық процестік кодексінің жобасын талқылады

6 Наурыз, 2015 12:22
Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулыларының назарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ілеспелі түзетулермен Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасы бірінші оқылымда ұсынылуда.

Сондай-ақ, Палата екі ратификациялық заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. Олар: 2009 жылғы 6 қазандағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы қазақстандық-франциялық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік  меншік  саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мәселе де қамтылған. 

Барлық жаңалықтар