Ақтөбе облысында 2015 жылы 17 мектепке дейінгі мекеме ашылады

6 Наурыз, 2015 19:36
Ақтөбе облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 2321 орынға 18 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 2300 орынға 16 балабақша, 21 орынға 2 шағын орталық, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Сонымен қатар, қызмет жасап тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 120 орын ашылды.Облыс бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 64,4% (2013 ж - 61,3%), 3-тен 6 жас аралығында - 87% құрады (2013 ж - 83,5%).Дегенмен, балабақшалардағы орын тапшылығы әлі де болса орын алып отыр, 1-6 жасар 34 мың балаға орын қажеттілігі бар, оның ішінде 28,0 мыңнан астам бала Ақтөбе қаласында.

Осы мәселені шешу үшін 2015 жылы 2470 орынға 17 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарлануда, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жаңа балабақша құрылысын салу, жеке балабақшалар мен шағын орталықтар ашу.2014 жылы жаңа нұсқадағы 46 химия кабинеті сатып алынды. Қазіргі таңда пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу 57,3% құрады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерде 12482 оқушы оқиды, ол барлық контингенттің 37% құрайды. Кадрларды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 56,1% техникалық және технологиялық, 19,8% ауыл шаруашылығы –7,3% медициналық мамандықтар, 6,0% білім беру –және басқалары – 10,8% құрады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жастардың 79,0% жұмысқа орналасқан.

 

 

Барлық жаңалықтар