Ақтөбе облысында 31 мың қызмет электрондық түрде көрсетілді

6 Наурыз, 2015 16:54
Ақтөбе облысында 31 мың қызмет электрондық түрде көрсетілген, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Ел Президенті жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және электрондық үкіметтің дамуына үлкен назар аударуда.Мемлекеттік қызметтер түрлерінің көбеюіне байланысты олардың саны да көбеюде. Егер 2013 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 1 454 462 қызмет көрсетілсе, ал 2014 жылы бұл сан 2 125 056 дейін көбейді», - делінген хабарламада.

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 2013 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейді (2014 - 31 243 (50,5 %), 2013 – 13 862 (13,8 %).2013 жылмен салыстырғанда электрондық түрде берілген лицензия мен рұқсат қажаттарының саны 16 есе көбейді (2013 – 127лицензия).

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 63 675 қызмет көрсетілді.Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 382 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Барлық жаңалықтар