Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай қосымша поездар іске қосылады - ҚТЖ

6 Наурыз, 2015 17:45
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай қосымша поездар іске қосылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Аталып өткендей, мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында төмендегі бағыттар бойынша қосымша пойыздардың сапарға шығатынын хабарлайды:

- №153/154 Астана-Қостанай, Астанадан 2015 жылдың 20 наурызында, Қостанайдан 2015 жылдың 21 наурызында шығады;

- №61/62 Алматы-Арыс, Алматыдан 2015 жылдың 19 наурызында, Арыстан 2015 жылдың 20 наурызында шығады;

- №151/152 Алматы-Көкшетау, Алматыдан 2015 жылдың 21 наурызында, Көкшетаудан Алматыдан 2015 жылдың 23 наурызында шығады;

- №156/155 Қарағанды-Жезқазған, Қарағандыдан 2015 жылдың 20 және 24 наурызында, из Жезқазғаннан 2015 жылдың 21 және 25 наурызында шығады.

 

 

Барлық жаңалықтар