• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалары дайындалуда

Ақтөбе облысында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалары дайындалуда

6 Наурыз, 2015 12:07
Ақтөбе облысында табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Көкжиде жерасты сулары бірегей кен орнын сақтап қалу мақсатында оның экологиялық жағдайына, жерасты және жерүсті суларына мониторинг жүргізіліп келеді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Ембі, Сағыз, Темір және олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері» жобасына сәйкес 7826 белгі орнату жұмыстары жүргізілді.

«Жергілікті маңызға ие «Озерный» қаумалын құрудың табиғи-ғылыми негіздемесі әзірленіп, жобаға тиісті оң қорытындылар алынды», - делінген хабарламада.

Ақтөбе қаласы бойынша ауа атмосферасының сапасын жақсарту жұмысын жүйеге келтіру мақсатында 2014-2016 жылдарға жоспар бекітілді.Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық жасыл аймағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

213 га алқаптағы жарамсыз және қураған ағаштар кесіліп, 210 га орман алқабына бағалы ағаш отырғызылды.Шалқар және Темір аудандарындағы жылжымалы құмдарды тоқтату мақсатында 21 га жерге сексеуіл екпелері отырғызылды.

 

Барлық жаңалықтар