- Басты
- Жаңалықтар
- М.Қазбекова: Отбасы мен балалар - әр әйел заты үшін алға ұмтылуға күш береді
М.Қазбекова: Отбасы мен балалар - әр әйел заты үшін алға ұмтылуға күш береді
Меруерт Айткажиевна Қазбекова 1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. 1983- 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген.
1986- 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген.
2006 - 2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы қызметін атқарған. Ал, 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
1998 - 2002 жылдары Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде) болған.
2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. Ал, 2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі. 2002 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Екі баласы бар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және аймақтарды дамыту комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова нәзік жандылардың мерейлі мерекесі қарсаңында отбасы мен карьераны бірге қалай алып жүруге және қалай табысты әйел болуға болатынымен бөлісті.
«Менің әкем мен үшін үлгі болатын, өкінішке орай ол қазір жоқ. Кішкентай болсамда мен оның бойынан ер азаматқа тән тектілікті, еңбекқорлық пен алға ұмтылу қасиеттерін көре білдім», - деп атап өтті ол.
М. Қазбекова 2 курста оқып жүргенде тұрмысқа шықты және сол кезде тұңғышын дүниеге алып келді. Бастапқыда, оқуы мен отбасылық өмірін бірге алып жүруге анасы көмектеседі. Ал, бүгінде оның балалары жетіліп, бұл өмірде өз орындарын тапқан. Сондықтан ол уақытының басым бөлігін депутаттық жұмысына арнайды.
«Мен өте ерте тұрмысқа шықтым және дәл қазір менің балаларым үлкен жасқа келіп қалды, тіпті немерелерімнің өздері мектепке барады. Сондықтан болар дәл қазір мен уақытымның көбін жұмысыма арнаймын. Бастапқыда бизнесті де балаларды да бірге алып жүру қиын болды, алайда бұл ретте анам үлкен көмек берді»,- деп еске алады депутат.
М. Қазбекованың есептеуінше, әр әйелдің табысқа жетуінің кепілі оның балалары. Олар оны алға ұмтылуға, жаңа жетістіктерге жетуге және биік белестерден көрінуге итермелейді. Осы ретте, депутат сендіріп кеткендей, отбасы ешқашан карьераға кедергі болмайды.
«Балалар мен үшін алға ұмтылуға күш беретін. Жас қыздарға айтарым отбасы ешқашан карьераға кедергі келтірмеді. Отбасың мен балаларың керісінше тірек болады, сондықтанда қыздарға айтарым бірінші кезекте ана болуға ұмтылыңыздар, қалғаны сабақты ине ізімен демекші өзі келеді», - деді депутат.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды